Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер тұрғыннан есірткі тәркіледі

Павлодарда полицейлер тұрғыннан есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесінде Павлодар облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері интернет арқылы есірткі заттарын өткізумен айналысқан әйелді ұстады.

Анықталғандай, күдікті тыйым салынған заттарды ірі көлемде сатып алып, оларды бөліп орап, "жасырын қоймалар" арқылы таратумен айналысқан. Тінту барысында оның іш киімінің жоғарғы бөлігінен 16 орама табылып, тәркіленді. Сондай-ақ жасырын қоймадан тағы бір орама алынды.

Алынған заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, орамалардың ішінде жалпы салмағы 40 грамнан асатын синтетикалық есірткі бары анықталды.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның заңсыз әрекетінің барлық мән-жайын, сондай-ақ өзге де қылмыстық эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жалғасуда, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нурсеитов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру