Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық азамат қарақшылық қылмысты ашқаны үшін полицияға алғыс білдірді

Алматылық азамат қарақшылық қылмысты ашқаны үшін полицияға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атына Алматы қаласының тұрғынынан Бостандық аудандық полиция қызметкерлерінің сапалы әрі нәтижелі жұмысы үшін алғыс хаты келіп түсті.

Өтініш иесі ҚР ІІМ басшылығына және Бостандық ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, тергеу бөлімінің тергеушісі Диас Бауыржанның жоғары кәсібилігін ерекше атап өткен.

Хатта қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында тергеушінің оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерделеп, жәбірленушілердің көрсетпелерін мұқият тексергені және қылмыстың толық көрінісін айқындап бергені көрсетілген.

Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі жүйелі жұмысының нәтижесінде күдікті тұлғалар анықталып, ұсталды және сот үкімімен кінәлі деп танылды. Қазіргі уақытта олар заңда белгіленген жазасын өтеуде.

Өтініш соңында Алматы қаласының тұрғыны тергеушіге және оның басшылығына қызметтік жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, кәсібилігі мен міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін алғыс білдіруін сұраған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру