Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танымал блогер Жетісу облысы ПД жедел басқару орталығының жұмысымен танысты

Танымал блогер Жетісу облысы полициясы жедел басқару орталығының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының танымал блогері @optimist.hafiz өңірлік полиция департаментінің жедел басқару орталығына арнайы барып, оның қызметімен танысты. Бұл орталықта "102" арнасы арқылы тәулік бойы келіп түсетін барлық шұғыл хабарламалар қабылданып, тіркеліп, жедел өңделеді.

Сапар барысында блогерге жаңа жыл мерекелері кезеңінде өңірдегі жедел жағдай, азаматтардан түскен өтініштер саны, полиция қызметкерлері жиі кездескен шақыртулар түрлері және мереке күндері жедел қызметтердің жұмысы қалай ұйымдастырылғаны туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Әсіресе "102" пультіндегі операторлардың жұмысына ерекше назар аударылды. Бұл - полиция қызметінің өзіндік "ми орталығы" іспетті. Дәл осы жерде келіп түскен әрбір хабарлама жүйеге бірден тіркеліп, оқиға сипатына қарай полиция жасақтарына, жедел жәрдемге, құтқару қызметіне немесе өзге де шұғыл әрекет ету құрылымдарына бағытталады. Ең жақын патрульдік экипаждар дереу іске кіріседі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа жыл мерекелері кезінде жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарды. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың әрбір өтінішіне уақытылы жауап беру мақсатында ұйымдастырылды.

Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің айтуынша, мереке күндері тұрмыстық жанжалдар, тыныштықты бұзу, жол-көлік оқиғалары мен қоғамдық тәртіпке қатысты хабарламалар саны артқан. Соған қарамастан барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қабылданып, тиісті шаралар уақтылы қолданылды.

Блогердің бұл сапары полиция мен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға, құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыруға және тұрғындардың сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды. Мұндай кездесулер азаматтарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің қалай жұмыс істейтінін тереңірек түсінуге және Жетісу облысында тыныштық пен тәртіп үшін полиция қызметкерлерінің күн сайын атқарып жүрген еңбегін бағалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру