Түркістан облысында патрульдік полицейлер жүргізушіге көмек көрсетті
Түркістан облысында патрульдік полиция жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының патрульдік полиция инспекторлары Ернар Исаков пен Мұрат Куримбаев Алматы – Ташкент – Термез жолында қызмет атқару кезінде жол-көлік оқиғасының алдын алып, жүргізушіге көмек көрсетті.
Алматы бағытында келе жатқан Газел жүк көлігінің дөңгелегі кенеттен ажырап кетеді. Полиция қызметкерлері қозғалысты уақытша реттеп, көлікті қауіпсіз жерге шығарып, дөңгелектерді қалпына келтірді. Жүргізуші өз алғысын білдірді.
Полиция жолға техникалық ақауы бар көлікпен шықпауға және қозғалыстан бұрын көлікті тексеруге шақырады.
