Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД қызметкері шаңғы дуатлонынан алтын медаль жеңіп алды

Павлодар облысы ПД қызметкері шаңғы дуатлонынан алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салауатты өмір салтын насихаттау және танымал ету, сондай-ақ спорттық шеберлікті арттыру мақсатында Павлодар қаласындағы Усолка шаңғы базасында әуесқойлар мен ардагерлер арасында шаңғы дуатлонынан қалалық турнир өтті.

Қатысушылар қашықтықты еңсерді: ерлер арасында 3 км шаңғымен жүгіру, қыздар арасында 2 км шаңғымен жүгіру және 1 км жүгіру.

Жарыс достық әрі бәсекеге толы атмосферада өтті. Аталған сайысқа Павлодар облысы ПД полиция қызметкері Асель Абдраманова қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.

– Турнирге мұқият дайындалдым. Мақсатым барлық кезеңдерден өтіп қана қоймай, әрқайсысында дұрыс техниканы сақтау болды. Сонымен қатар, дуатлонда жабдықты таңдауға ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені оның құрамдас бөліктері әртүрлі жер бедері мен ауа райы жағдайына бейімделуі тиіс. Үйлесімділік пен стратегия да үлкен рөл атқарады. Барлық факторларды ескере отырып дұрыс жоспарланған жарыс қателіктерді азайтып, қашықтықтағы уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Менің ойымдағыдай бәрі сәтті өтті, – дейді Асель Абдраманова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру