Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда құқық бұзған азаматтарға зорлық-зомбылыққа қарсы профилактикалық дәріс өткізілді

Павлодарда құқық бұзған азаматтарға зорлық-зомбылыққа қарсы профилактикалық дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзып қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнында "Зорлық-зомбылықсыз отбасы" акциясы аясында профилактикалық дәріс өткізілді. Іс-шара отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға және азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.

Дәріс барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары, отбасындағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің әлеуметтік және құқықтық салдары түсіндірілді. Отбасы мүшелеріне құрметпен қарау, агрессияға жол бермеу және жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңызына басым назар аударылды.

– Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты — азаматтарға отбасындағы зорлық-зомбылықтың қандай жағдай болмасын жол берілмейтінін жеткізу. Күш қолдану арқылы шешілген бір ғана жанжалдың өзі жәбірленушілер үшін де, құқық бұзушының өзі үшін де ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Құқық бұзушылық жасаған адамдармен жүргізілетін профилактикалық жұмыс тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмаудың маңызды бөлігі, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Джусупова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру