Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер 150-ден астам оқушыға қауіпсіздік сабағын өткізді

Түркістан облысында полицейлер 150-ден астам оқушыға қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданының полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Ендібаев, қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Бақыт Ташкулов пен ювеналды полиция тобының қызметкерлері Абылайхан атындағы №93 жалпы орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесу "Қауіпсіз мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелері, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, тыйым салынған заттардан аулақ болу, интернет қауіпсіздігі және түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің салдары түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері нақты мысалдар келтіре отырып, балаларға өз қауіпсіздігін сақтау жолдарын түсіндірді.

Сабақ соңында оқушылар сұрақ қойып, толық жауап алды. Іс-шараға 150-ден астам оқушы қатысты. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру