Павлодарда тыйым салынған заттарды тұтынған азаматтар жауапқа тартылды
Павлодарда тыйым салынған заттарды тұтынған азаматтар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылғы наурыз айынан бастап ҚР заңнамасына сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну туралы бап қолданысқа енгізілді. Бұл шара наркопотребление фактілерін анықтауға, жол қауіпсіздігін арттыруға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және салауатты қоғам қалыптастыруға бағытталған.
– Өткен жылы полиция тарапынан есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында 892 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну бойынша 231 факт тіркелді. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД қызметкерлері.
Мысалы, Баянауыл ауданы Майқайың кентінде жүргізуші көлік құралын есірткілік мас күйінде басқарған. Бұл факт медициналық куәландырумен расталды. Тұрғын өз үйінде каннабис тектес есірткі затын қолданғанын түсіндірді. Жүргізуші жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен оған тиісті шаралар қабылданды.
Тағы бір жағдайда, ер адам қонақүй нөмірінде синтетикалық тектегі психостимуляторды тұтынып, кейін автокөлік тізгініне отырған. Сот шешімімен заң аясында жауапқа тартылды.
