Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ҚАЖ мекемелерінде адам құқықтарының сақталуы тексерілді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жұмыс сапарымен Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты пенитенциарлық мекемелерге барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапардың негізгі мақсаты – адам құқықтарының сақталуын және сотталғандарды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізу.

№4 және №5 мекемелерге ресми сапар барысында уәкілмен бірге ҚР Бас прокуратурасының өкілдері, Ақмола облысы прокуратурасының өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі облыстық ұлттық орталықтың қызметкерлері, Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Гүлнар Жанбекова қатысты.

Сапар аясында мекемелердің негізгі инфрақұрылым нысандары қаралды: медициналық бөлім, асхана, тұрғын үй-жайлар, өндірістік аймақ, сондай-ақ тәртіптік изолятор мен қатаң ұстау жағдайлары бар мамандандырылған үй-жайлар.

Тексеру қорытындысы бойынша сотталғандарды ұстау шарттарының белгіленген нормаларға сәйкестігі атап өтілді.

Сапар соңында Артур Ластаев әрбір құрылымдық бөлімшеде жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізіп, №4 мекемеде 20 сотталғанмен, №5 мекемеде 10 сотталғанмен кездесті. Ашық диалог барысында мекеме әкімшілігінің әрекеттеріне немесе тұрмыстық жағдайларға қатысты шағымдар тіркелмеді. Барлық жүгінген азаматтарға кеңестік көмек көрсетіліп, құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру