Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында пробация есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіру мәселелері қаралды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында аудан әкімінің орынбасары Өсер Тілеповтің төрағалығымен жұмыс кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға аудандық пробация қызметінің өкілдері, білім беру бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, сондай-ақ Мансап орталығының мамандары қатысты.

Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғаларға қатысты бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мемлекеттік квоталар мен гранттар алу, білім беру және кәсіби оқыту мүмкіндіктері, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиында пробация қызметі бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Азамат Бекеев сөз сөйлеп, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру қызметтің негізгі бағыттарының бірі екенін айтылды.

- Біздің басты міндетіміз — тек бақылау жүргізу ғана емес, сонымен қатар азаматтың заңға бағынатын өмірге қайта оралуына жан-жақты қолдау көрсету. Жұмыспен қамту, білім алу және мемлекеттік қолдау қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға тікелей әсер етеді, — деді ол.

Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін айқындады. Кеңес қорытындысы бойынша "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру