Маңғыстауда ҚАЖ қызметкерлеріне ақпараттық платформаны тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ҚР ІІМ ҚАЖК өкілдерінің қатысуымен ақпараттық платформаны тиімді пайдалану мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмыс сапары барысында ҚАЖ комитетінің мамандары департамент қызметкерлеріне ақпараттық платформаның негізгі мүмкіндіктерін таныстырып, жүйемен жұмыс істеу тәртібі мен оны қылмыстық-атқару жүйесінің қызметінде практикалық қолдану ерекшеліктерін түсіндірді.
Жұмыс тобының құрамында сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бас маманы Нұржан Қалмурзаев, пробация қызметін ұйымдастыру басқармасының бас маманы Мейрам Дильмұхамбетов, ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инспекторы Айбар Карибек, сондай-ақ ІІМ “АӨО” РМК ақпараттық технологияларды дамыту және сүйемелдеу басқармасының аға инженері Жанна Макаримова болды.
Кездесу барысында ақпараттық платформаның функционалдық мүмкіндіктерін күнделікті қызметте тиімді пайдалану, жұмыс процестерін оңтайландыру және жүйенің жекелеген функцияларын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, платформамен жұмыс істеуге қатысты практикалық түсіндірмелер берді.
Заманауи цифрлық шешімдерді тиімді пайдалану қызметтік міндеттерді жедел әрі сапалы орындауға, жұмыс процестерін жетілдіруге және қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияларды дамыту және цифрлық құралдарды қызметте тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
