Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қаратал ауданында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалармен және профилактикалық есепте тұрған отбасылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері заң талаптарын сақтау, отбасы мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылық пен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жыл басынан бері Жетісу облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына байланысты 115 қылмыстық іс тіркелді. Құқыққа қайшы әрекеттерге бейім тұлғаларға қатысты 1 463 қорғау нұсқамасы шығарылып, 373 ерекше талап белгіленді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша 874 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 113 адам, сот қаулысының талаптарын орындамағаны үшін 184 адам жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға, жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған шараларды жүзеге асыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру