Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер аязда жолда қалған шетел азаматтарына көмектесті

Ақтөбе облысында полицейлер аязда жолда қалған шетел азаматтарына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарға қараған түні ауа температурасы –25 градусқа дейін төмендеген кезде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері республикалық тасжолда жол қозғалысына қатысушыларға көмек көрсетті.

Әйтеке би ауылының маңында полицейлер жол жиегінде Тәжікстаннан Ресей Федерациясына бағыт алған, ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалысын жалғастыра алмаған автобусты байқады. Автобус салонында 55 шетел азаматы болған.

Тағы бір оқиға Хромтау ауданына қарасты Бөгетсай ауылының маңында болды. Мұнда техникалық ақауға байланысты Өзбекстаннан Ресейге бағыт алған Ларгус автокөлігі тоқтаған. Көлікте жеті шетел азаматы болған.

Барлық жағдайда полиция қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, азаматтарды уақытша кемпингке орналастырды. Онда жолаушыларға жылынуға және демалуға мүмкіндік жасалды.

Полиция жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қысқы тәуекелдерді назарға ала отырып, сапарларын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру