Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Қызылорда облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи үлгідегі бейнебақылау камералары мен жылдамдық өлшегіш құрылғылар орнатылған.

Қазіргі таңда облыс аумағында 888 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. 2025 жылдың 12 айында 102 арнасына облыс көлемінде 71 293 хабарлама түскен.

Аталған кезеңде Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы арқылы  87 173 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 73 141 дерек жол жүрісі ережелерін бұзуға қатысты. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының көмегімен 195 қылмыстың ашылуына ықпал етілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы аясында әкімшілік кодекстің бірқатар баптары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбауға, жол жүрісі ережелерін орындауға және кез келген құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға шақырады.

Бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейді. Кез келген құқық бұзушылық тіркеліп, заң аясында тиісті шаралар қолданылады. Заңды сақтау – өз қауіпсіздігіңіз бен қоғам тыныштығының кепілі.

Заң мен тәртіп – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру