Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ПД бастығы тұрғындардың мәселесін тыңдады

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев әдеттегідей азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылдау барысында азаматтардың қылмыстық істерді тергеуге қатысты мәселелері қаралды. Әрбір жағдай бойынша профильдік басқарма басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, процессуалдық шешімдердің толықтығы, объективтілігі мен заңдылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылды.

Сонымен қатар қабылдауға қатысқан облыс тұрғыны жеке қызметкерлерге заң тұрғысынан көмек көрсеткендері және тергеу іс-шараларын сапалы жүргізгендері үшін алғысын білдірді. Бұл іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылып, кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау тұрақты негізде "Заң мен тәртіп" және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциялары аясында өткізіліп келеді. Бұл шаралардың мақсаты – құқық қорғау органдарының ашықтығын арттыру және полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру