Жамбыл облысында "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды
Жамбыл облысында "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектепте "Жас сақшы" полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ғалым Оразбеков пен Тараз қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Сәлемов қатысты.
Салтанатты жиын барысында "Жас сақшы" сыныбының оқушылары ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер табысталды. Сондай-ақ оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара қорытындысында қатысушылар жас сақшыларға ізгі тілектерін арнап, олармен еркін форматта әңгімелесіп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар "Жас сақшы" сыныбының ашылуы жасөспірімдерге құқық қорғау саласының қыр-сырын ерте жастан меңгеруге, тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңіруге мүмкіндік береді. Бұл бастама оқушылардың отансүйгіштік рухын нығайтып, болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
