Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметіне адал полицейдің еңбек жолы

Қазіргі таңда ішкі істер органдарында нәзік жанды арулардың қатары жыл санап артып келеді. Олар ер азаматтармен қатар ел тыныштығын күзетіп, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде. Солардың бірі туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.

Погон тағу – үлкен жауапкершілік, ал оны әйел адамның абыроймен алып жүруі ерекше қайсарлық пен төзімділікті талап етеді. Осындай табанды да жауапты қызмет иелерінің бірі - Құрманғазы ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Гүлнұр Асхатқызы.

Гүлнұр Асхатқызының құқық қорғау саласын таңдауы әкесі – ішкі істер органдарында 25 жыл бойы адал қызмет атқарып, зейнетке шыққан Асхат Мирасовтың еңбек жолымен тығыз байланысты. Әкесінің кәсіби біліктілігі мен адамгершілік ұстанымы оның өмірлік бағытын айқындаған. Ол ІІО-ғы қызметін 2005 жылы бастап, Алматы қаласындағы ҚР ІІМ академиясын үздік дипломмен тәмамдаған. Оқуды аяқтағаннан кейін Құрманғазы ауданы полиция бөліміне инспектор болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы бөлімде үздіксіз қызмет атқарып келеді.

Тергеуші мамандығы – жоғары жауапкершілік пен уақытты тиімді басқаруды талап ететін күрделі қызмет. Ол тәртіпке, жинақылыққа және жедел шешім қабылдауға үйретеді. Ана, жар әрі қызметкер рөлін қатар алып жүру – үлкен өмірлік шеберлік.

Погондағы әрбір әйел – заңның күзетшісі ғана емес, жүрегінде мейірім мен батылдықты қатар ұстаған қоғам тірегі. Осындай нәзік жанды полицейлердің еңбегі арқылы ел тыныштығы сақталып, әділдікке деген сенім арта түсуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру