Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көрші облыс тұрғыны аса ірі есірткімен ұсталды

Ақтөбеде көрші облыс тұрғыны аса ірі есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қаңтарда Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының 41 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұстау кезінде ер адам полиэтилен пакеттен құтылуға тырысқан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, күдікті есірткілік масаң күйде болған.

Оқиға орнын қарау барысында ер адамға тиесілі рюкзактан өсімдік тектес, жасыл түсті зат салынған екі полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 1,8 келі болатын марихуана есірткі заты болып шықты.

Сонымен қатар күдіктінің сөмкесінен 6 дана жануар мүйізі табылды. Аталған дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалды.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша 41 жастағы күдіктіге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру