Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында жыл басынан бері 967 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету бағытында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы жүйелі түрде жүргізілуде.

Биылғы жылдың басынан бері полиция қызметкерлері 967 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде қоғамдық орындарды ластау, қоқыс тастау ережелерін бұзу, санитарлық талаптарды орындамау сияқты фактілер анықталып, кәсіпорындар, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқық бұзушылықтардың бір бөлігі жедел басқару орталығының камералары (ЖБО) арқылы тіркелді

"Таза Қазақстан" акциясы азаматтар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жауапкершілікті арттыруға бағытталған

Полиция тұрғындар мен қонақтарды санитарлық талаптарды сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру