Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жоғары сынып оқушыларына арналған "Үміткер-2026" кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті

Павлодарда жоғары сынып оқушыларына арналған "Үміткер-2026" кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында 10-11 сынып оқушыларымен "Үміткер-2026" атты үгіт-насихат және кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.

Іс-шараға жеке құраммен кадр жұмысы басқармасының бастығы Ринат Султанов, Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің м.а. орынбасары Нурболат Алигожин, сондай-ақ патрульдік полиция батальоны взвод командирінің орынбасары Елжас Калиев қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері, полицияның негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары, сондай-ақ құқық қорғау саласында еңбек еткісі келетін үміткерлерге қойылатын талаптар туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар қызметтік тәртіп, дене және психологиялық дайындық, полиция қызметкерінің жеке жауапкершілігі, әлеуметтік кепілдіктер мен мансаптық өсу мүмкіндіктері мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Оқушылар полиция қызметіне қабылдану тәртібі, іріктеу кезеңдері және қызмет өткеру шарттары туралы жан-жақты ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мұндай кездесулер жастардың мамандықты саналы таңдауының қалыптасуына, полиция қызметіне деген қызығушылықты арттыруға және ішкі істер органдары үшін болашақ кадрлық әлеуетті дайындауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру