Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі учаскелік полицейдің рөлі
Қайрат Мұхаметжанов он бес жылдан астам уақыт бойы заң мен елге адал қызмет етіп, Бородулиха ауданы тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етіп келеді. Учаскелік инспектор болу - жай ғана мамандық емес, ол төзімділікті, жоғары жауапкершілікті және өз ісіне шынайы берілгендікті талап ететін өмірлік жол. Полиция қызметкері туралы ақпаратты толығырақ Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.
Бородулиха өңірі табиғаты көркем, бірегей қарағайлы ормандарымен және бай жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Бұл аумақта қызмет атқару әрдайым оңай емес: кейбір елді мекендер мен учаскелерге техникамен жету қиын. Осындай жағдайда қоғамдық тәртіп пен табиғи байлықты қорғауда уақыт сынынан өткен тиімді тәсіл - атпен патрульдеу. Бұл әдіс әсіресе қырағылық пен жеке жауапкершілік аса қажет сәттерде өзін толық ақтайды.

Учаскелік инспектордың бір ғана жұмыс күні - ондаған өтініш, әртүрлі адам тағдыры, құқық бұзушылықтың алдын алу және кез келген уақытта көмекке келуге дайын болу. Қызмет еткен жылдары ішінде Қайрат Серікбайұлы өзін принципшіл, әділ әрі ел мәселесіне бейжай қарамайтын офицер ретінде танытып, тұрғындардың зор сеніміне ие болды.
Қызметтен тыс уақытта оны үйінде үлкен отбасы күтіп отырады. Балалары әлі кішкентай болғанымен, көшелердегі тыныштық пен қауіпсіздік үшін әкесінің күндіз-түні еңбек ететінін жақсы түсінеді. Оның өмір жолы - жауапкершілік пен ерліктің, адамдарға деген шынайы қамқорлықтың жарқын үлгісі.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету - полиция офицері үшін тек қызметтік міндет қана емес, өмірлік ұстаным.
