Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы ПД-да азаматтарды жеке қабылдау жүйелі түрде жүргізіледі

Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов азаматтарды жеке қабылдауды жүйелі түрде өткізіп, әрбір өтінішке айрықша мән береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты — түскен өтініштерді жедел әрі жан-жақты қарау, білікті құқықтық көмек көрсету және өңір тұрғындарын толғандыратын мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

Әрбір өтініш мұқият әрі жауапкершілікпен қаралады. Тұрғындардың айтуынша, осындай байланыс форматы мәселелерді жылдамырақ шешуге мүмкіндік беріп қана қоймай, полицияның ашық диалогқа дайын екенін және кез келген жағдайда көмек көрсетуге әзір екенін айқын көрсетеді.

Азаматтарды жеке қабылдау қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ол халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтып, құқықтық сана деңгейін арттырады және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету — мемлекет пен азаматтардың ортақ міндеті екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру