Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция жас спортшылардың турнирге қауіпсіз жетуін қадағалады

Абай облысы полициясы жас спортшылардың турнирге қауіпсіз жетуін қадағалады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында өткен облыстық баскетбол және аудандық футбол турниріне қатысқан жас спортшылардың сапары барысында жол қозғалысының қауіпсіздігі полиция қызметкерлерінің толық бақылауында ұйымдастырылды. Турнирге қатысу үшін Бесқарағай, Көкпекті, Ақсуат, Үржар, Мақаншы және Қалбатау аудандарынан шыққан 173 оқушы мен 20 ересек жетекші 7 автобуспен жеткізілді. Әрбір бағыт бойынша полиция тарапынан арнайы сүйемелдеу ұйымдастырылып, автобустардың техникалық жағдайы тексерілді.

Бесқарағай ауданынан Семей қаласына жеткен бір автобуспен 26 бала мен 3 жетекші қауіпсіз жеткізілді. Семейден Көкпекті ауылына екі автобуспен 42 бала мен 5 жетекші сапарға шықты. Көкпекті ауылынан Ақсуат ауданына бір автобуспен 22 бала мен 3 жетекші, Семейден Үржар ауданына бір автобуспен 42 бала мен 4 жетекші, Үржардан Мақаншы ауданына бір автобуспен 20 бала мен 2 жетекші жеткізілді. Сондай-ақ Қалбатау ауданынан Семей қаласына бір автобуспен 21 бала мен 3 жетекші жолға шықты.

Полиция қызметкерлерінің үздіксіз бақылауы мен жоғары ұйымдастырушылық қабілеті арқасында барлық сапарлар қауіпсіз және уақытында жүзеге асты. Әрбір бала полиция үшін жеке жауапкершілік болып есептеліп, жолдағы қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды.

Жалпы 7 автобус, 173 бала және 20 жетекшінің қатысуымен өткен бұл ауқымды сапар Абай облысы полициясының ұйымдастырушылық және жауапкершілік үлгісін көрсетті. Бұл тәжірибе көрсеткендей, жас спортшылардың жол қауіпсіздігі тек тәртіп сақшыларының ғана емес, қоғамның да бірлескен жауапкершілігімен қамтамасыз етіледі. Осындай үйлесімді әрекет жастардың спорттық жетістіктерге аман-есен жетуін қамтамасыз етіп, облыстағы спорттық шаралардың сапасын арттыруға үлкен үлес қосады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру