Түркістан облысында полицейлер жасөспірімдерге құқықтық тәрбиеге арналған экскурсия ұйымдастырды
Түркістан облысында полицейлер жасөспірімдерге құқықтық тәрбиеге арналған экскурсия ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция қызметкерлері жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауына бағыт беру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осы орайда Бәйдібек ауданы полициясы Шаян мектеп-лицейі, М.Әуезов атындағы IT-мектеп-лицейі, Жамбыл жалпы білім беретін мектебі және Қ.Сыпатаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар полиция бөлімінің ішкі қызметімен, бөлімшелердің негізгі бағыттарымен танысып, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік тақырыбында түсіндірме алды. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық қорғау саласына деген қызығушылығын ояту болып табылады.
