Павлодарда учаскелік полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында пәтерлерді аралады
Павлодарда учаскелік полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында пәтерлерді аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері Назарбаев көшесі №309 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйді аралады. Іс-шара интернет-алаяқтықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Аралау барысында учаскелік инспекторлар үй тұрғындарымен әңгімелесіп, қаскөйлер жиі қолданатын қашықтан алдау тәсілдерін түсіндірді, сондай-ақ банк қосымшаларын, интернет-дүкендерді және әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызын еске салды.
Жеке деректердің сақталуына ерекше назар аударылды. Азаматтарға растау кодтарын, банк карталарының деректемелерін, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге болмайтыны түсіндірілді. Сонымен қатар сатып алулар мен қаржылық операцияларды тек ресми сайттар мен тексерілген интернет-платформалар арқылы жүзеге асыру ұсынылды.
Осылайша учаскелік инспектор Сағадатов Алмаз тұрғындармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді және интернет-алаяқтықтан қорғану бойынша ақпараттық жадынамалар таратты.
Оңтүстік полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Каткенов Берік мұндай аралау шаралары азаматтарға маңызды ақпаратты уақытылы жеткізуге және қашықтан жасалатын қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
