Астанада полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда
Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілерді қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда отбасында құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген тұлғаларға қатысты полиция қызметкерлері 1400-ге жуық қорғау нұсқамасын шығарды.
Жуырда полицияның кезекші бөліміне отбасылық жанжал туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген қызметкерлер бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын растады.
Учаскелік полиция инспекторы 30 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Құқық бұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылып, сондай-ақ оның тұрғылықты жері бойынша психокоррекциялық шаралар қолдану туралы сотқа өтініш жолданды.
