Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда ҚАЖ қызметкерлері оқушыларға құқық қорғау саласы жайлы түсіндірді

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №77 мекемесінің қызметкерлері Ақтау қаласындағы "Genius Sapa Aqtau" ҰБТ-ға дайындық оқу орталығында оқушылар және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты — жастарға құқық қорғау саласындағы білім беру мүмкіндіктерін таныстыру және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу тәртібін түсіндіру.

Кездесу барысында мекеме бастығының орынбасары Сәкен Жарылғапбаев білім алудың маңызын, болашақ мамандық таңдаудағы жауапкершілік, оқу процесінің ерекшеліктері мен тәртібі туралы кеңінен баяндады. Қатысушыларға академияның оқу бағдарламалары, курсанттардың әлеуметтік жағдайы және қызметтік перспективасы туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, ата-аналар мен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап айтылды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, жастардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Іс-шара соңында қатысушыларға оқу орындарына түсу талаптары мен қажетті құжаттар жөнінде ақпараттық материалдар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру