Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде профилактикалық сабақ өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесінде профилактикалық сабақ өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №9 мекемесінің жеке құрамы арасында "Есірткі және тәуелділік салдары, оның зардаптары", "Өз-өзіне қол жұмсаудың және лудоманияның алдын алу" тақырыптарында профилактикалық сабақ өткізілді.

Іс-шараға Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығының психотерапевті Дина Тлеубаева  жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімше бастығы  С. Нуртазин және инспектор-полиграфолог  Ш. Медетова қатысты.

Семинар барысында суицидтік мінез-құлықтың негізгі себептері мен белгілері, қызметтік стресс факторлары, эмоционалдық күйзеліс пен дағдарыстық жағдайларды ерте анықтау жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік салдары, оның алдын алу шаралары жөнінде нақты ақпарат берілді.

Кездесу барысында ұжымда өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру, психологиялық тұрақтылықты арттыру және қиын жағдай туындағанда кәсіби көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімше бастығы Сабыржан Бибитович өз сөзінде:

- Қызметкерлердің психологиялық саулығы – қызмет тиімділігінің және ұжымдағы тұрақтылықтың негізгі кепілі. Әрбір қызметкер қиындықпен жалғыз қалмауы тиіс. Уақытылы көрсетілген қолдау мен түсіндіру жұмыстары келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады, – деп атап өтті.

Семинар соңында инспектор-полиграфолог Ш. Медетова суицидтің алдын алуға бағытталған практикалық жаттығу өткізіп, тәуекел белгілерін анықтау және дағдарыс жағдайында әрекет ету алгоритмін пысықтады.

Аталған шаралар жеке құрамның психологиялық саулығын сақтау және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру