Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заманауи бақылау: БҚО-да жол қауіпсіздігі күшейтілді

БҚО-да 17-19 ақпан күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары заманауи технологиялардың көмегімен күшейтілді. “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында Батыс Қазақстан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол-көлік апаттарын азайту үшін барлық мүмкіндікті пайдалануда. Соның бірі — жоғары жылдамдықты трассаларды әуеден дрондар арқылы патрульдеу.

Көптеген жүргізуші бейнебақылау аймағынан шыққан соң “босаңсып”, ереже бұзуға болады деп ойлайды. Алайда жолда “ережесіз аумақ” болмайды. Дәл осындай сәттерде квадрокоптерлердің көмегі ерекше маңызды. Дрондарды пайдалану – айыппұлдар санын арттыру немесе хаттама толтыруды көбейту тәсілі емес, жол-көлік оқиғасын болдырмау.

Полицияның техникалық құралдары ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Дрондар қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтап, қайғылы оқиғалардың алдын алуға және жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Полиция қызметі барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рөлде барынша мұқият болуға шақырады.

Жүргізушілердің жоғары жауапкершілігі – жол қауіпсіздігінің басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру