Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар жұмысқа орналасты

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар жұмысқа орналасты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметкерлері есепке алынған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін оларды жұмысқа орналастыруды басты назарда ұстайды. Осы орайда Қармақшы аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен мансап орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрменкеге аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар жұмыс іздеуші ретінде қатысты.

Нәтижесінде, үш азамат жұмыс тауып, жұмысшы ретінде жолдама алды.

– Бүгінгі жәрмеңкеге жұмыс іздеп келіп едім. Өзімнің жоғары білімім жоқ.Бірақ екі қолға бір күрек таптым, жұмысшы болып жолдама алдым. Ендігі жерде адал еңбек етіп, балаларыма жақсы тәрбие беремін. Бүгінгі шарадан жұмыс тауып жатқан азаматтарды байқадым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді есептегі азамат.

Пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік- құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық көмектер тұрақты түрде көрсетілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру