Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция қызметкерлері қасиетті айда жүргізушілерге қамқорлық танытты

ШҚО-да полиция қызметкерлері қасиетті айда жүргізушілерге қамқорлық танытты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында қасиетті Рамазан айында полицейлер жол үстінде ауызашар уақытын қарсы алған жүргізушілерге қолдау көрсетті. Өскемен–Алматы тасжолында қызмет атқарған тәртіп сақшылары ұзақ жолда келе жатқан азаматтарға қамқорлық танытып, су мен құрма таратты.

Игі бастама Ұлан аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының инспекторлары —  Данияр Байбалинов пен Азамат Мұратқалиев, сондай-ақ Думан Қадырдың бастамасымен жүзеге асты. Полицейлер ораза ұстаған жүргізушілердің жағдайын ескеріп, ауызашар уақытында жол бойында тоқтаусыз ауыз ашуына мүмкіндік жасады.

Бұл әрекет жүргізушілер мен жолаушылардың алғысына ие болып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтай отырып, ауызашарды дер кезінде жасауға жағдай туғызды.

Тәртіп сақшыларының бұл игі ісі олардың қызметтік міндетін атқарумен қатар, азаматтарға деген жанашырлығы мен ұлттық дәстүрге деген құрметінің айқын көрінісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру