Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық мектепте есірткі қылмысының алдын алу бойынша кездесу өтті

Елордалық мектепте есірткі қылмысының алдын алу бойынша кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордадағы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, оның ішінде есірткі қылмысының алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға полиция қызметкерлері арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Айтжан Танқақов және ювеналды полиция инспекторы Алмагүл Алмағанбетова қатысты.

9-11 сынып оқушыларына есірткі құралдарының адам денсаулығына зияны, психологиялық және әлеуметтік салдары түсіндірілді. Сондай-ақ есірткіге қатысты құқық бұзушылық үшін заңнамамен көзделген жауапкершілік шаралары нақты мысалдар арқылы баяндалды.

Кездесу барысында оқушыларға зиянды әдеттердің салдары, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан құқықтық кеңестер алды.

Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, есірткі қылмысының алдын алуға және қоғамда заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру