Алматы облысында "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушылары ант қабылдады
Талғар ауданындағы №33 орта мектепте "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушылары ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жоба "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тәртіп пен белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға бағытталған.
Бейіндік сынып құрамына әртүрлі жастағы 36 оқушы қабылданды. Оқушылар құқықтық дәрістер мен профилактикалық сабақтарға қатысып, полиция қызметкерлерімен кездесулер өткізеді, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың, буллинг пен киберқауіптердің алдын алу шараларына атсалысады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – заңға құрметті қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және қоғамдық қауіпсіздік үшін жеке жауапкершілік сезімін нығайту. Сонымен қатар мектеп, ата-аналар және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше мән беріледі.
Полицияның жас көмекшілері қоғамдық-профилактикалық жұмыстарға, волонтерлік бастамаларға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысады.
