Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция концертке жиналған халықты кибералаяқтардан сақ болуға шақырды

Алматыда полиция концертк жиналған халықтың кибералаяқтардан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында заманауи әрі тиімді профилактикалық тәсілдерді қолдануды жалғастыруда. Бұл жолы маңызды ескерту азаматтарға ерекше форматта — ірі концерттік іс-шара барысында жеткізілді.

"Алматы Арена" алаңында өткен әнші Анна Астидің концерті басталар алдында мыңдаған көрерменге Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау аудандық полиция басқармасы жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындаған арнайы бейнеролик көрсетілді.

Бейнероликте полиция қызметкері интернет-алаяқтықтың кең тараған тәсілдері туралы қарапайым әрі түсінікті тілде баяндап, азаматтарды интернет арқылы байланыс орнату кезінде және онлайн төлемдер жасау барысында барынша мұқият болуға шақырады.

Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтың айтуынша, мұндай профилактикалық формат маңызды ақпаратты кең аудиторияға тиімді жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бастама республика көлемінде өтіп жатқан "Anti Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ерекше маңызға ие.

- Азаматтарды интернет-алаяқтықтың қауіптері туралы хабардар ету үшін біз түрлі алаңдар мен заманауи технологияларды пайдалануға тырысамыз. Мыңдаған көрермен жиналған концерттік алаңдағы үлкен экран арқылы бейнеролик көрсету – адамдарға маңызды ескертуді жеткізудің тиімді тәсілі, – деді Еділхан Байғараев.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай ақпараттық жұмыстар азаматтардың цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру