Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

350 SIM-карта тәркіленді: Қостанайда алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды

Қостанайда облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-алаяқтар үшін SIM-карталарды белсендендірумен айналысқан 18 жастағы қала тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл нөмірлермен қаскөйлер құрбандарына қоңырау шалып, хабарламалар жіберген.

Полицейлердің анықтауынша, жас жігіт telegram мессенджері арқылы жаңа нөмірлерді тіркеу бойынша жұмыс тапқан. Ол әртүрлі байланыс операторларының SIM-карталарды іске қосып, кейін оларды интернет-алаяқтықпен айналысатын белгісіз тұлғаларға берген.

Тексеру барысында одан телефон, сондай-ақ Beeline, Tele2 және Altel байланыс операторларына тиесілі шамамен 350 SIM-карта тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру