Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Наурызнама: Қайырымдылық – мейірім мен бірліктің бастауы

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №36 мекемесінің ұжымы мұқтаж жандарға қолдау көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін – Наурызнама онкүндігі аясындағы Қайырымдылық күні. Бұл – өзара көмек көрсетуге, қолдау білдіруге және игі істер жасауға үндейтін мейірімділік пен жанашырлықтың ерекше күні.

Осы игі бастамаға орай Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №36 мекемесінің ұжымы мұқтаж жандарға қолдау көрсетті. ҚАЖ қызметкерлері Северка ауылы мен Долинка кентінде тұратын екі көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек ретінде қажетті азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды табыстады.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға көмек көрсетіп, қоғамдағы жанашырлық пен бірлікті нығайту.

Мұндай игі істер мұқтаж отбасыларға нақты көмек көрсетіп қана қоймай, олардың қоғам тарапынан қолдау мен қамқорлықты сезінуіне мүмкіндік береді. Қайырымдылық күні адамдарды мейірімділікке, бір-біріне жанашыр болуға және ортақ игілік жолында бірігуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру