Наурызнама: Ақмола облысында ҚАЖ қызметкерлері ұлттық дәстүрді дәріптеді
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №7 мекемеде ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған іс-шара ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Мерекелік бағдарламаның бір бөлігі ретінде қызметкерлер қазақ халқының әдемі әрі танымал ұлттық ойындарының бірі – қыз қууды көрсетті.
Қойылымда мекеменің жас қызметкерлері Айнұр мен Медеу ежелден келе жатқан дәстүрдің басты кейіпкерлерін сомдап, көрермендерге ұлттық мәдениеттің ерекше атмосферасын жеткізуге тырысты. Ұлттық киім киген қатысушылар ойынның негізгі сәттерін көрсетіп, қыздың алдымен жолға шығып, жігіттің оны қуып жетуі тиіс болатын дәстүрлі көріністі сахналады.
Шара қызықты әрі көңілді өтті. Қатысушылар ұлттық ойынның мазмұнын ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрмет пен мәдени мұраның құндылығын да көрсете білді. Ұжым мүшелері қойылымды қызығушылықпен тамашалап, өнер көрсеткен әріптестеріне қолдау білдірді.
Мекеме бастығы Төлеген Бикеевтің айтуынша, ұжым ішінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді.
— Қазақ мәдениетінің ерекшелігін дәріптеу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға тырысамыз. Ел тарихы мен дәстүрлері жастар үшін аса маңызды деп есептеймін, — деді ол.
