Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да заңсыз айналымнан бір келіден астам марихуана тәркіленді

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Риддер қаласының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, жергілікті тұрғындардың есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында 33 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер 37 дайын полимерлі және қағаз түйіншектерді тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген есірткі бір келіден асатын, аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын заңсыз сақтау, дайындау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру