Бір шаңырақ, бір қызмет: Қызылордадағы полицей отбасылар
Қызылорда қаласы полиция басқармасында 19 полиция династиясы мен ерлі-зайыптылар қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін – Шаңырақ күні. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған ерекше мереке. Осыған орай, бір салада еңбек етіп жүрген полицей отбасыларының үлгісі айрықша назар аудартады.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы полиция басқармасында қоғам тыныштығын қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген 19 полиция династиясы мен ерлі-зайыптылар бар. Олар қызметке адалдығымен, тәртіпке беріктігімен ерекшеленеді.

Олардың қатарында Анафиндер, Әлиевтер, Саламатовтар, Бекеновтер, Махашовтар, Сайдильдиновтер, Пірімбетовтер, Кушинбаевтар сынды әулеттер бар.
Бұл отбасыларды ортақ мақсат біріктіреді – ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау. Бірнеше буын өкілдері бір салада қызмет етіп, кәсіби жолды сабақтастықпен жалғастырып келеді.
