Ақмола облысында есептегі сотталғандар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
Қорғалжын ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара олардың әлеуметтік бейімделуіне және қайта құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.
Іс-шараға аудан прокуроры Ж.Кемелбеков, Мансап орталығының мамандары, пробация есебіндегі азаматтар және жергілікті жұмыс берушілердің өкілдері қатысты. Жәрмеңке аясында жұмыс берушілер өз кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындарын ұсынып, еңбек жағдайлары туралы кеңінен таныстырды.
Сонымен қатар қатысушылар Мансап орталығы мамандарынан жеке кеңес алып, кәсіптік бағдарлау қызметіне жүгінді. Жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша да практикалық көмек көрсетілді. Іс-шара нәтижесінде қатысушылардың бірі А.Махинов "Құралай МК" ЖШС-ға жұмысқа орналасты.
Ал бірқатар азамат оқыту курстарына жолдама алып, алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
— Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Ж.Кемелбеков.
