Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы “жалақысы жоғары жұмыс” туралы жарнама таратқан.

Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан.

Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған.

Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды.

Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды.

Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру