Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер мектеп түлектерімен кездесті

Павлодар облысында полиция қызметкерлері мектеп түлектерімен және олардың ата-аналарымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Азамат Елеутаев жиында кеңінен ақпарат берді. Атап айтсақ, ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі мен талаптары, оқуға түсу емтихандары, әскери-дәрігерлік комиссиядан өту үдерісі, сондай-ақ полициядағы қызметтің артықшылықтары мен болашағы туралы баяндады.

– Кадрларды іріктеу – алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі. Көпшілігіңіз үшін бұл кездесу болашақ өмірлік жолдарыңызға ықпал етіп, мамандық таңдауда шешуші рөл атқаруы мүмкін. Полиция қызметі – абыройлы әрі сұранысқа ие мамандық. Ол адамнан жоғары төзімділік пен жауапкершілікті талап етеді. Біздің оқу орындарында курсанттарға тегін тамақтану, киім-кешек және шәкіртақы қарастырылған. Жоғары заңгерлік білім алып қана қоймай, оқу орнын тәмамдаған түлектерге полиция лейтенанты арнайы атағы беріліп, міндетті түрде жұмысқа орналастырылады. Сонымен қатар оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі, – деп атап өтті спикер.

Іс-шара еркін форматта өтті. Түлектер полициядағы қызметке қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары өкілдеріне мазмұнды кездесу үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру