Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігіне бағытталған рейдтік іс-шаралар өтуде

Ақтөбе облысында 20-31 наурыз аралығында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында полиция автожолдарда жергілікті рейдтік іс-шараларды күшейтті. Ерекше назар жолаушылар тасымалдайтын көліктерге, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге аударылуда.

Іс-шаралар барысында жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі 12 рет, Toyota жүргізушісі 16 рет, ал Geely жүргізушісі 18 рет жол қозғалысы ережелерін бұзған. Аталған көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін ескертеді. Жол жүру ережелерінің талабын елемеу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігіне әсер ететін құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру