Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жас полицейлер арасында спорттық турнир өтті

Наурыз мерекесіне орай Қарағанды облысында "Жас сақшы" сыныптарының оқушыларының қатысуымен спорттық турнир ұйымдастырылды. Динамо алаңында өткен додада жасөспірімдер өзара күш сынасып, спорттық және зияткерлік қабілеттерін көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемнің келуімен қатар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында Қарағанды облысының жас тәртіп сақшылары мерекелік іс-шараны спорттық жарыспен ұштастырды. Динамо дене шынықтыру-спорт қоғамының алаңында Қарағанды және Теміртау қалаларынан жиналған "Жас сақшы" сыныптарының тәрбиеленушілері бас қосып, өзара бәсекеге түсті.

Наурыз мейрамына арналған турнир Жас Динамошы қозғалысы шеңберінде ұйымдастырылып, қатысушылардың бәсекеге қабілеті мен жеңіске деген ұмтылысын айқын көрсетті.

Жарысқа он мектептің оқушылары қатысып, тек физикалық дайындықтарын ғана емес, зияткерлік деңгейлерін де көрсетті. Үстел теннисі бойынша өткен сайыста №17 ЖББМ оқушысы Ержан Жақсымұрат бірінші орынды иеленді. Екінші орынды №4 ЖБМ-ның Мейіржан Алпысов алса, үшінші орын №Ж.Ақбаев атындағы ЖОББМ оқушысы Қуандық Амангелдіге бұйырды.

Қыздар арасындағы командалық бәсекеде №32 ЖББМ командасы жеңіске жетті. Екінші орын №74 ЖББМ-ға, үшінші орын №17 ЖББМ командасына бұйырды.

Зияткерлік ойындар да жоғары деңгейде өтті. Тоғызқұмалақтан қыздар арасында №74 ЖББМ оқушысы Кәусар Дюсебекова жеңімпаз атанды. Екінші орынды №76 ЖББМ-ның Аяла Болашақ иеленсе, үшінші орын №Ж.Ақбаев атындағы ЖОББМ оқушысы Арзу Берикхановаға бұйырды.

Ұлдар арасындағы тоғызқұмалақ сайысында №74 ЖББМ оқушысы Ақниет Еркін бірінші орынды иеленді. Екінші орын №17 ЖББМ-ның Ахметжан Эртовийге, ал үшінші орын №4 ЖББМ-ның Нұрдаулет Шалқарұлына бұйырды.

Дойбы жарыстары да тартысты өтті. Қыздар арасында №15 ЖББМ оқушысы Зәрема Тілек жеңімпаз атанды. Күміс жүлде №Потанин атындағы ЖОББМ-ның Юлия Молчановаға берілсе, қола жүлде №36 ЖББМ оқушысы Нұрайым Бейсембекке табысталды.

Ұлдар арасындағы дойбы сайысында үшінші орынды Т.Бигелдинов атындағы мектептің оқушысы Мұрат Ибрагимов иеленді. Екінші орын №32 ЖББМ-ның Арыстан Саматұлына бұйырса, №74 ЖББМ оқушысы Қуанышбек Сараев бірінші орынды жеңіп алды.

Осылайша  наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған спорттық турнир жас полицейлердің физикалық дайындығы мен зияткерлік әлеуетін көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды шараға айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру