Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ЖБО камералы арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды

Елордада ЖБО камералы арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізілді. Әсіресе қауіпсіздік белдігін тағу талаптарын сақтау, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдау қағидаларына ерекше назар аударылды.

Жедел басқару орталығының камералары арқылы бірқатар құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, Audi көлігінің 52 жастағы жүргізушісі Тұран көшесімен қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған. Құқық бұзушылықты ЖБО операторлары тіркеп, ақпарат жедел түрде жақын маңдағы патрульдік экипажға жолданған. Жүргізуші жауапкершілікке тартылып, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Тағы бір жағдайда, Hyundai көлігін тізгіндеген 54 жастағы азамат Тұран көшесімен келе жатып, көлік басқару кезінде телефон пайдаланған. Бұл құқық бұзушылық та камераларға түсіп, ақпарат патрульдік полиция қызметкерлеріне берілді. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар да жүргізді: жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратты. Әсіресе балалармен жүрген жүргізушілерге ерекше назар аударылып, оларға балаларды қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларды пайдалану қажет екені ескертілді, сондай-ақ арнайы қорғаныс құралдары табысталды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру