Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында сауда нүктелері мен ойын-сауық орындары тексерілді

Екібастұз қаласының 5-шағын ауданында "Заң және тәртіп" идеологиясы мен "Айқын нәтиже" жобасы аясында "Қауіпсіз шағын аудан" пилоттық жобасы жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоба құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

– Бүгін жүргізілген іс-шаралар барысында сауда нүктелері мен ойын-сауық орындары тексерілді. Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша буклеттер таратты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов.

Мәселен, іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Әзербайжан азаматын анықтап, ұстады. Ол қаладағы кафелердің бірінде тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, сондай-ақ Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзған. Шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болу қағидаларын бұзғаны және тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін атқарғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды. Жауапкершілік елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарастырылған.

Полиция еліміздің көші-қон заңнамасын қатаң сақтауды еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру