Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында оқушыларға криминалистика негіздері таныстырылды

Абай облысында полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған танымдық сабақ өткізді. Іс-шара Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларына арналды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуді аудандық полиция бөлімінің жедел криминалистикалық тобының аға криминалисі, Айбек Ақылбекұлы ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты – оқушыларға құқық қорғау саласының қызметі туралы түсінік беріп, криминалистика ғылымының маңызы мен ерекшеліктерін таныстыру.

Сабақ барысында маман криминалистиканың қылмысты ашу мен тергеудегі рөлін түсіндіріп, дәлелдемелерді жинау мен зерттеудің негізгі әдістеріне тоқталды.

Тәжірибелік бөлімде оқушыларға арнайы құрал-жабдықтар көрсетіліп, оқиға орнын қарау тәсілдері таныстырылды. Сонымен қатар олар шартты "оқиға орнында" криминалист жұмысының кезеңдерін бақылауға мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында оқушылар сұрақтарына жауап алып, құқық қорғау саласындағы қызметтің маңыздылығымен танысты. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға және болашақ мамандық таңдауға бағыт береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру