Павлодарда есірткі құқық бұзушылықтарының жолын кесу бойынша рейд өткізілді
Павлодарда есірткі құқық бұзушылықтарының жолын кесу бойынша рейд өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Айқын нәтиже" іс-шаралар жоспары аясында Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері қала прокуратурасымен бірлесіп, сондай-ақ 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтармен бірге саяжай алқаптарында рейд өткізді.
Профилактикалық іс-шара "Сосновый бор" және "Яблонька" бау-бақша серіктестіктерін қамтыды.
Рейдтің мақсаты – есірткі зертханаларының қызметін, есірткі құралдарын заңсыз дайындау фактілерін, сондай-ақ өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіруді жолын кесу.
Іс-шара барысында саяжай учаскелері мен іргелес аумақтар тексерілді. Ерекше назар қараусыз қалған құрылыстар мен жедел қызығушылық тудыратын орындарға аударылды.
Мұндай іс-шаралар қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған.
