Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық шаралар күшейтілді

СҚО-да балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық шаралар күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас жолаушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті жүргізушілердің есіне салу мақсатында Петропавл қаласындағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында профилактикалық акция өтті.

Іс-шара барысында полицейлер Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, автотұрақта және сауда-ойын-сауық орталығы ішінде жүргізушілерге арнайы жадынамалар таратты. Отбасымен келген азаматтардың автокөліктеріне "Назар аударыңыз, балалар!" белгісі жапсырылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдіктерін барлық жолаушылардың, соның ішінде артқы орындықта отырғандардың да міндетті түрде тағуы қажет екенін ескертті.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Мамандардың айтуынша, арнайы ұстау құрылғылары, оның ішінде балалар автокреслолары, жол апаты кезінде балалардың аман қалу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 100 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 адам қаза тауып, 131 адам жарақат алған.

"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру бағытында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру