Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Мен тек әке ретінде іздедім…" – жоғалған сәбиді тапқан полицейдің сөзі елді тебірентті

Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді облыстық полиция департаментіне қарасты Ақсуат ауданы полиция бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Бақытбек Лиясканов тауып алды, - деп хабрлайды Polisia.kz.

Ол бүлдіршінді ауылдан бірнеше шақырым жерден, иен даланың ортасында жалғыз жүрген жерінен байқап қалған.

Офицер бұл жағдай туралы былай деп еске алды:

— Жүрегіммен оның дәл осы маңда екенін сездім. Мені не жетелегенін білмеймін… бірақ сол бір ішкі күш мені сәбидің тұрған жеріне алып келді. Мен өзімді батыр санамаймын — тек өз жұмысымды атқардым. Дегенмен қатты алаңдадым… себебі мен де әкемін, - дейді ол.

Бұл сөздер — ерлік жайлы емес.
Бұл — нағыз адамгершіліктің көрінісі.
Бұл — жауапкершіліктің салмағы.
Бұл — кей сәттерде кез келген нұсқаулықтан биік тұратын жүрек үнінің айғағы.

Сол күні ол тек бір баланы тауып қана қойған жоқ.
Ол бір отбасының үмітін қайта тірілтіп, өміріне тыныштық пен қуаныш сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру